Бас басылымдардың басты бағыттары
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 2017 жылғы жұмыс көрсеткіштері мен 2018 жылғы жұмыс жоспары бойынша брифинг өтті.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2018
Өнер • 08 Ақпан, 2018
Бұл мақала газеттің «Сөз төркіні» айдары аясында жыл басынан бері жарияланып келе жатқан қазақ классикалық әндерінің бүгінгі күнгі проблемалары жайлы мақаланың жалғасы іспетті. Анықтап айтсақ, онда негізінен мәтіннің жұмбақталуы жайында жазғанбыз. Ендігі сөз әуен, үннің жұмбақталуы жағына ойысты.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2018
Ветеринария бүкіл адамзатты емдейді
«Малым – жанымның садағасы» деген қазақтың тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен тікелей байланысты болғаны, дархан даланың төсінде қоралы қой, келелі түйе, үйір-үйір жылқы өргізіп, өнімдерін ішіп-жейтін азық, киетін киім, мінетін көлік етіп пайдаланғаны белгілі.
Бизнес • 08 Ақпан, 2018
Біз ежелден мал бағып, оның өнімін тұтынып келген еңбекқор халықтың ұрпағымыз. Соның ішінде ет өндіру жөнінен өзге жұрттарға кіріптар бола қоятындай күйде емес екеніміз анық. Кең-байтақ жеріміз жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға да ыңғайлы. Бұл өзіндік құны төмен, арзан мәрмәр ет өндірудің бір жолы. Қазіргі кезде республика өңірлерінде ірі қара мал бордақылайтын алаңдар мен ет өңдеу кешендері іске қосылған. Мұндағы басты мақсат – ет экспорты әлеуеті мен көлемін көтеру. Алайда қазір мұның өзі жеткіліксіз болып тұр.