Қазақстан • 07 Ақпан, 2018

Былтыр "Егеменнің" оннан астам қызметкері арнайы сыйлықтармен марапатталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі 2017 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға арналған даму бағыттары туралы баспасөз конференциясын өткізді. 

Былтыр "Егеменнің" оннан астам қызметкері арнайы сыйлықтармен марапатталды

Жиында Дархан Қыдырəлі газетте қазір 115 қызметкер жұмыс істейтінін айтып өтті. Олардың жас құрамы немесе орта жасы – 35 жас (2016 -56, 2017 – 43). Дархан Қыдырəлінің айтуынша, газет қызметкерлері жасарып қана қоймай, сапалы, білікті кадрлармен толыққан. 

"Газетімізде қазір үш тілді меңгерген 4 "Болашақ" түлегі бар. Сонымен қатар "Егемен Қазақстан" еліміздегі өз қызметкерлерін толығымен баспанамен және әлеуметтік пакетпен қамтып отырған бірден бір мекеме. Жыл басында жалақы 15 пайызға өсті" деді Басқарма төрағасы.

 Оның айтуынша, 2017 жыл "Егемен Қазақстан" қызметкерлерінің екеуі «Құрмет» орденіне, үшеуі «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне, үшеуі «Үркер» сыйлығына ие болған. Жалпы былтыр республикалық, өңірлік, салалық және ведомстволық сыйлықтарды қоса есептегенде, «Егемен» журналистері 10-нан аса әртүрлі сыйлықтармен марапатталған. 

 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"