Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Керекудің Ақтоғай, Ертіс, Железин аудандары мен Екібастұз ауылдық аймағында жылқы қырылып жатыр деген әңгіме желдей есіп тұр. Өткен аптада жауған жаңбырдан соң айналаның бәрін көк мұз құрсап, жануарлар тебіндей алмай қалған. Ауылдағылар жылқыдан күй кете бастады, шетінен ұстап қораға қамап жатырмыз дейді.
Сұхбат • 15 Ақпан, 2024
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, академик: Тарихтың күші – деректе
Тарихын білген елдің тамыры бекем. Өткенді таразыға салып, болашаққа бағдар жасау үшін тар жол, тайғақ кешуімізден сабақ алудың маңызы зор. Осы орайда газетіміздің 9 ақпандағы санында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Мәмбет ҚОЙГЕЛДІНІҢ «Ақиқат қызыл сөзге емес, дәлелге мұқтаж» атты сұхбаты жарық көрген еді. Сүбелі әрі көкейкесті әңгіме оқырманға ерекше әсер етіп, жұртшылықтың өтінішімен ғалым ағамызға тағы да бірнеше сұрақ қойдық.
Басылым • 15 Ақпан, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жас жазушы Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» кітабының таныстырылымы өтті. Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, елордалық ақын-жазушылар, әдебиет сыншылары, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Дін • 15 Ақпан, 2024
Пайғамбарлар төресі Мұхаммед (оған Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) – адамзат тарихында орасан зор ізі бар ұлық тұлға. Оның адамзат дамуындағы рөлін айтып жеткізу мүмкін емес болар. Өйткені Алланың соңғы елшісінің орнын басқан ешкім жоқ, болмайды да. Оның ілімі өз дәуіріндегі әлемдік оқиғалардың даму барысына әсер етті. Тарих дөңгелегін өзгертті. Сол ілім сан ғасырлардан бері мына ғаламды жайлаған исі мұсылманның жүрегінде сақталып, өмір сүру қағидаттарын анықтап, өзінің сара жолын көрсетіп келеді.
Жоба • 15 Ақпан, 2024
Ақтөбелік математика пәнінің мұғалімі Жасұлан Қайдасов оқушыларға арналған ақылды қосымша ойлап тапты. Жоба Алматы облысында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалінде» үздік атанып, ғалымдардың жоғары бағасын алды.