Өнер • 16 Ақпан, 2023
«Астана Опера» балет труппасының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Кипрде өтіп жатқан Celebrity ballet gala гала-балетінде табысты өнер көрсетті. Әлемнің әйдік жұлдыздарының орындауы асқақ өнер мерекесінің сәнін келтірсе, қазақ бишісі кештің фавориті болды. Ол көрермендерді өзінің актерлік шеберлігімен, ерекше мәнерімен таңғалдырды.
Футбол • 16 Ақпан, 2023
Қазақ футболына қарсы әрекет емес пе?
Қазақстанда жаңа футбол маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Яғни 25 ақпанға жоспарланған «Астана» мен «Ордабасы» арасындағы Қазақстан Суперкубогі үшін өтетін ойынмен елімізде ресми түрде футбол маусымының шымылдығы түріледі. Жуырда жаңа маусымға байланысты Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2023
Бөгеттерді баптағаның – судан елді сақтағаның
Көктем – қол қусырып қарап отыратын мезгіл емес. Қамданатын уақыт, қарекет қылатын кез. Қауырт тірлікке, қауіпке толы, бір беймаза шақ деуге келеді. Ақпанның орта тұсына таядық. Қардың да көбесі сөгілуге жақын. Жиырма күннің ар жақ, бер жағы. Биыл өзі Абай облысына да қар қалың түсті. Сондықтан етек-жеңді жинап отырмаса болмайды.
Хоккей • 16 Ақпан, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойнайтын елорданың «Барысы» өз айдынында Минскінің «Динамосынан» жеңіліп, жарыстың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.
Спорт • 16 Ақпан, 2023
«Азия балалары» ойындарына қатысады
23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресейдің Кемеров облысында ІІ «Азия балалары» қысқы спорт ойындарының алауы тұтанады. Халықаралық бәсекеге Азиямен қатар, Еуропаның бірқатар елінен 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.