Спорт • 16 Ақпан, 2023

«Азия балалары» ойындарына қатысады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресейдің Кемеров облы­сын­да ІІ «Азия балалары» қысқы спорт ойын­дары­ның алауы тұтанады. Халық­аралық бәсекеге Азиямен қатар, Еуро­паның бірқатар елінен 16 жасқа дейінгі спорт­шылар қатысады.

«Азия балалары» ойындарына қатысады

Нақтырақ айтар болсақ, әр елдің коман­далары 22 ақпаннан бастап Кузбасс қаласына бара бастайды. Ал 23 ақпанда ресми жат­тығулар басталады. Ойындардың ресми ашы­луы 25 ақпанда «Кузбасс» мұз сарайын­да өтеді. Жабылу салтанаты 4 наурызға жос­пар­ланған. Бұл жолы мыңға жуық жас спортшы спорттың 10 түрінен жүлдеге таласады. Айта кетейік, «Азия балалары» арасындағы алғашқы қысқы спорт ойындары 2019 жылғы 8-16 ақпан аралығында Сахалин облысында өткен еді.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, «Азия балалары» 1996 жылы қазіргі Олимпия ойындарының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Содан бері 4 жылда бір рет жазғы спорт түрлерінен өтіп келеді. Осы аралықта Ресей мен Азияның 30-дан астам мемлекетінен жас спортшылар бақ сынады.