Технология • 15 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект заңға бағына ма?
Еуропалық одақ жақында жасанды интеллектіге қатысты жаңа заң қабылдады. Бұл ережелер жаһандық сипатқа ие болуы мүмкін. Заңның қолданыс аясына байланысты мәселелер сарапшылар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл өзгеріс кімдерге қалай әсер етеді?
Сұхбат • 15 Ақпан, 2024
Лара АЛЕЙШО: Қазақ тілінде жаңа ән жазғым келеді
Бұл әнші қыз елімізге ең алғаш рет Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындап танымал болды. Португалиялық Лара Алейшо сол кезден бері бірнеше қазақ әніне кавер жасап, тіпті елімізде өткен «Voice оf Nur-Sultan» және «Voice of Turan 2023» фестивальдарына да қатысты. Бүгінде YouTube-та оның орындаған «Дудар-ай», «Таптым-ау сені» әндері көп көрілім жинады. Біз қазақ музыкасына аңсары ауған шетелдік әншіге хабарласып, сұрағымызды қойдық.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
Мәдениетіне қамқор қаған да, халық та бақытты
Көңіл түкпірінде тұнып жатқан бүгінгі музыка өнері жөнінде ашық ой түюіме Мемлекет басшысының Қазақстанды қайта жандандыру жолына бастайтын жеңісті де жемісті істерінің түрткі болғанын жасыра алмаймын. Біздің мәдени-рухани байлығымыздың бірегейі – музыка (Ахмет Байтұрсынұлы оны «әуез» деп атаған). Саналы өмірінің өзегі – қазақ халқының мәдени-рухани болмысы болған, діні, тегі бөлек, орыстың этнограф-ғалымы Григорий Потанин «маған барша қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» дегені сондықтан болар. Иә, шетсіз-шексіз далада жыл құсындай көшіп-қонып ғұмыр кешкен, артық жүк алып жүрмейтін қазақ домбырасы мен қобызын қасынан бір елі кейін тастамады, өзімен бірге сапар шекті.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
ШҚО-да браконьер қақпанмен сегіз бұлғын ұстаған
Полиция қызметкерлері заң бұзушыны «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 15 Ақпан, 2024
Қой-ешкі, сиыр кеміп, жылқы мен түйе көбейген
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштерін жария етті, деп жазады Egemen.kz.