Сұхбат • 14 Ақпан, 2025
Болат ҰЗАҚОВ, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Өнерге өктемдік жүрмейді
Театр – көзге көрініп-көрінбейтін қарбаласқа толы мекен ғой. Қашан барсаң да, өнер тудыру жолында жанталасып жатқан жанкешті тірліктің ортасынан бір-ақ шығасыз. Сахна саласы мамандарының қай-қайсысы да бойындағы мүмкіндігін тұтасымен өнерге бағыштағысы келеді. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың жұмыс бөлмесінің есігін қаққанымызда дәл сондай қауырт қарбаластың үстінен түстік. Үстелінің бетін тұтасымен жаба бейберекет шашылған қағазға қарап, тағы бір ауқымды жобаға кіріскенін сөзсіз түсіндік. Сонда да іштегі сауалымызды іркіп қалмай: «Жақында тағы бір қойылымның премьерасына куә боламыз ба?» деп сұрап үлгердік.
Өшпес даңқ • 14 Ақпан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, «Кеңес одағының батыры» атанған отандастарымыз аз емес. Алайда кеудесін оққа тосқан ержүрек майдангерлеріміздің кейбірі көзі тірісінде батыр атағын алған жоқ. Солардың бірі де бірегейі, немістердің Рейхстагтен кейiнгi ордасы, «Империя кеңсесі» аталған Ратушаның төбесiне жеңiс туын қадаған – Кенжебай Мәденов.
Ауыл • 14 Ақпан, 2025
Жақында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Үздік туристік ауыл – 2025» байқауының қорытындысын жариялады. Жоба отандық туризмді дамытуға, мәдени мұраны насихаттауға, ауылдық жерлердің экономикасын арттыруға бағытталған.
Өшпес даңқ • 14 Ақпан, 2025
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Отан үшін опат болған батырлардың ерлігі еске түседі. Жыр алыбы Жамбылдың жырындай тізбектелген көп қаһарманның ішінен дараланған Ыбырайым мергеннің кескіні көз алдымызда тұрып алатыны бар. Сүлейменов жаудырған әрбір оқ қазақтың қандай батыр халық екенін өзгелерге ұғындырып тұрғандай көрінеді. Ендеше, бүгінгі әңгімеміз 281 фашисті жер жастандырған оғланымыз Ыбырайым Сүлейменов туралы болмақ.
Әдебиет • 14 Ақпан, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетінде Ж.Қорғасбектің «Әдеби шығармалар неге оқылмайды?» (28.01.2025) атты мақаласы шыққалы, бірқыдыру уақыт өтіңкіреді. Өзіндік көңіл толғамынан туған ойларға – ой үзеңгілестірудің енді ғана орайы келді. Сөз нысаны – менің «Абыржы» романым.