Елбасы • 19 Ақпан, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде баяндады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Ақпан, 2020
Мәжіліс жұмысын көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы құжатпен бастады
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Сербия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Сербия арасындағы ғылыми-академиялық, сондай-ақ цифрландыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында, Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Білім, ғылым және технологиялық даму министрі Младен Сарцевичпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 19 Ақпан, 2020
Жеңіс Қасымбек: Қарағандыда Қасымның үйін ашу жоспарымызда бар
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есеп беру жиынында биыл облыс бүкіл елмен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы, Теміртаудағы металлургиялық комбинаттағы қазақстандық тұңғыш шойын балқымасының 60 жылдығы, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының құрылғанына 90 жыл толуы сияқты айтулы даталар мен мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтетінін жеткізді.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Қарағанды облысында жол құрылысы ерекше назарда
Қарағанды облысындағы жол жұмыстарының жоспары туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Жеңіс Қасымбек айтып берді. Биыл өңірдегі «Қарағанды-Балқаш» күре жолында төрт жолақ бойынша қозғалысты іске қосу жоспарда бар. Сондай-ақ «Балқаш-Бурылбайтал» төрт жолақты жолын қайта жаңарту жалғастырылады.