Қазақстан • 19 Ақпан, 2020
Мобильді қосымша арқылы жол сапасына қатысты ұсыныстар жіберуге болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-мен, «Вайпойнг» компаниясымен бірлесіп, осы жылдың наурызында «Азаматтық байқау» мобильді қосымшасын іске қосады. Ол еліміздің құзіретті органдарына қазақстандықтардың елдегі жол төсемелерінің сапасына қатысты сауалдары мен ұсынымдарына жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Әулиеаталықтар көтерген әлеуметтік мәселелер
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Әкім әулиеаталықтардың әлеуметтік мәселелеріне баса назар аударып, көтерілген мәселелер тиісті заңдарға сәйкес реттелетінін айтты.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2020
Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Дастан Адайұлы Рыспеков Президенттік жастар кадрлық резервінен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 19 Ақпан, 2020
Түркістан: Жедел-жәрдем қызметкерлері науқасты өлімнен аман алып қалды
Кезекшілікте болған түркістандық жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлімге ұшыраған науқасты құтқарды. Облыстық жедел жәрдем қызметіне бейтаныс әйелдің қоғамдық орында құлап жатқаны туралы хабар келіп түседі. Құтқару тобы 7 минутта жеткен. Ес-түссіз жатқан әйелге дәрігерлер «клиникалық өлім» диагнозын қойыпты.
Парламент • 19 Ақпан, 2020
Сенаторлар жеміс-көкөніс шаруашылығына инвестиция тарту мәселесін көтерді
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері жеміс-көкөніс мәселелері бойынша ғалымдармен және бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.