Қаржы • 16 Ақпан, 2023
Бүгінге дейін теориялық деңгейде талқыланып келген цифрлық теңгенің төбесі көрініп, есігімізге жақындап қалды. Айналымға 2023 жылдың күзіне қарай енуі мүмкін. Қазақстандықтар жәрдемақы мен зейнетақыны қанатқақты режімде цифрлық ұлттық валютада ала бастайды. Мемлекеттік сатып алуда ашықтықты қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені есептеуге көшіріледі. Енді бұл жобаны мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың түсінуі маңызды.
Несие • 16 Ақпан, 2023
Банк секторының «жұлдызды клиенттері»
Несие пайызы қандай факторларға тәуелді деген мәселе қай кезде де өзекті. Тәуелсіз сарапшылар несие пайызына бірінші кезекте ықпал ететін факторлардың қатарына Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін айтады. Мысалы, қазіргі мөлшерлемесі 17,6 пайыз делік. Ал оның пайызы инфляция деңгейімен теңестіріліп отырады.
Мектеп • 16 Ақпан, 2023
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды мәселе
Петропавл қаласындағы №4 мектепте болған төтенше оқиға қоғамды дүр сілкіндіргені рас. «Күйзеліс» диагнозымен психиатриялық есепте тұрған 15 жастағы оқушы бетперде киіп алып, мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш қатарласын жарақаттағаны белгілі. Жағымсыз оқиғадан кейін Үкімет мектептердің кіреберісіндегі бақылауды күшейтіп, бейнекамераны көбейтуді тапсырды.
Қоғам • 16 Ақпан, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласына айрықша көңіл бөліп, бұл сала қазіргі заман талабына сай болмаса, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес екенін атап өткен еді. Ветеринария саласының жүйелі жұмысына мал саулығын бақылауды жақсарту ғана емес, оның өнімдерінің халыққа зиянсыздығын тексеруді арттыру да қосылатыны айдан анық. Тек сау малдың еті, өсімдік өнімдерінің зиянсыздары ғана дастарқанға тартылса, халқымыз сау болады.
Денсаулық • 16 Ақпан, 2023
Тоқсан дейтін жастан асса да, ақыл-есінен адаспай, алжымай отыратын сүйегі асыл кісілер бар. Керісінше, бүгінде өрімдей жас адамдардың қазір айтқанын қазір ұмытып, қойған затын таба алмай абдырап жүретінін жиі көретін болдық. Ұмытшақтық, ой жинақтай алмау жастарға да тән болып барады. Келмей қоймайтын қарттыққа қарсы айла жоқ болса да, кей адамдардың жасына жетпей алжуы арнайы зерттеліп келеді.