Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауыл округінде орталықтандырылған ауызсу жүйесінің болмауы тұрғындарға қиындық тудырып келген-ді. Ауыл тұрғындары ұзақ уақыт бойы ашық су көздері мен жеке құдықтарды пайдаланып, тасымалдау арқылы ауызсумен қамтылған еді. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Жібек жолы, Зортөбе, Сарқырама, Жаңақұрылыс және Қарабау елді мекендерінде ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде аталған ауылдар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауызсу ғана емес, ауылдар бүгінде тұрғындардың жайлы тұрмысына қажетті сапалы инфрақұрылыммен қамтылған.
Білім • 27 Ақпан, 2026
Қостанай қаласында өзге этностардың 160-тан аса баласы қазақ сыныбында білім алып жатыр. Соның бірі – физика-математика лицейінің бірінші сынып оқушысы – Артем Ложкин.
Digital • 27 Ақпан, 2026
Батырмасыз басқарылатын «Black Swan»
«DefenceTech» – қорғаныс пен қауіпсіздікке арналған технологиялар бағыты. Бұл салаға ұшқышсыз аппараттар, байланыс жүйелері, киберқауіпсіздік, сенсорлық бақылау, жасанды интеллектіге негізделген басқару құралдары кіреді. Негізгі мақсат – қауіп-қатердің алдын алу, адам факторынан туатын қателікті азайту.
Басылым • 27 Ақпан, 2026
«Күншығыс» баспасынан шыққан кітаптар
Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан жарық көрген бірнеше қазақ кітабының жарық көргеніне биыл бір ғасыр толады. Баспаның атауы ресми түрде «КСРО халықтары кіндік баспасының қазақ-қырғыз бөлімі» деп аталды. 1922 жылы кеңес халықтарына арналған ортақ баспа ретінде ашылды. Баспа КСРО-ға қарасты автономиялық республикалар мен облыстарға арналған кітаптар шығарумен айналысты. Жүз жыл бұрын «Күншығыс» баспасынан қандай кітаптар шықты?
Білім • 27 Ақпан, 2026
Кеген ауданындағы Тасашы орта мектеп-интернатындағы оқушылар саны бұдан он шақты жыл бұрын 300-ге жуықтайтын еді. Одан бергі уақытта бала санының күрт төмендеп кеткені байқалады. Биыл білім шаңырағындағы 142 оқушыны 32 мұғалім оқытады. Ал мектеп жанындағы еңселі үш қабатты интернат үйіне 65 бала орналасқан.