Аймақтар • 26 Ақпан, 2015
Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиетіндегі хандық дәуір кезеңі» атты Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық кеш өткізілді. Оны осы жоғары оқу орнының филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.