Тарих • 27 Ақпан, 2019
Тәуелсіз тарихи сана қалыптастырудың бастауында тұрған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалаудың зәру мәселе екендігін айта келіп: «Қайраткер − жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген ой өрбіткен еді. Ұлттық тарих мазмұнын жаңалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар.
Спорт • 27 Ақпан, 2019
Қазіргі кезде «Дене шынықтыру» ұғымы жиі және ретсіз қолданысқа ие болды. Мәселен, жоғары оқу орындарында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бар. Жалпы білім беретін мектептерде «Дене шынықтыру» сабағы өтеді. Мәдениет және спорт министрлігіндегі комитетіміз «Республикалық спорт және дене шынықтыру істері комитеті» деп аталса, облыстарда «спорт және дене шынықтыру басқармалары» тағы бар.
Мүлікті жария ету – байлықты қорғаудың тиімді шарасы
Жуырда Лондонда болған мына бір оқиға ақпарат құралдары арқылы әлемге тарап кетті. Бұл оқиғаны бір есептен алғанда өз елінен жымқырған қаржысын шетелдерге, соның ішінде Еуропаға апарып орналастыруға ұмтылушылар үшін жасалған ескерту десек те болады.
Туризмді әлемдегі ең табысты бизнестің бірі деуге болады. Оның маңыздылығы жыл санап артып келеді. Аталған сала көп елдерде ішкі жалпы өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға, сондай-ақ сыртқы сауданың белсенділігіне ықпал етеді. Жалпы, туризм саласы басқа да салалардың дамуына мол мүмкіндік береді. Мәселен, туристік агенттіктер, мейрамханалар, санаторийлер, тамақтану орындары, көлік байланысы және т.б.
Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді
Былтыр жыл басынан бері Шымкент қаласынан солтүстік облыстарға 173 отбасы көшуге ниет білдірген. Тіпті 50 шақты отбасы қоныс аударып үлгерген.