27 Ақпан, 2019

Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр жыл басынан бері Шымкент қаласынан солтүстік облыстарға 173 отбасы көшуге ниет білдірген.  Тіпті 50 шақты отбасы қоныс аударып үлгерген. 

Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді

Жуырда Шымкент қаласына арнайы іссапармен келген пав­лодар­лық делегация қалалықтарға өз ұсы­ныстарын айтып, теріскей өңірге жұмысқа шақырды. 40 шақты бос жұмыс орнын ұсынып отырған павло­дар­лықтар 100-ден аса отбасын баспа­на­мен қамтуға әзір екендіктерін ай­та­ды. Әл-Фараби ауданы әкімді­гін­де жергілікті халықпен кездес­кен қонақ­­тар солтүстікке қоныс аударуға арнал­ған мемлекеттік бағ­дар­ламаны егжей-тегжейлі түсіндірді. 

Сондай-ақ қоныс аударатын отбасына бір реттік жәрдемақы мен баспананы жалға алу ақысымен қоса коммуналдық төлемдері де төле­не­тін­дігін жеткізді. Бұл игі­лікті іс Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асады. 

Өткен жылы Шымкент қаласы жұ­мыспен қамту орталығының ма­ман­дары өтініш білдірген 81 отба­сы­ның Солтүстік Қазақстан, Қоста­най, Пав­­лодар, Шығыс Қазақстан об­лыстары­­на қоныс аударуына ықпал ет­­ті. Осы­­­лайша жұмысқа қабілетті 300-ге жуық тұрғын тұрақты жұ­мыс­пен қам­­­­тылды, дейді мамандар. Олар бү­гін­де түрлі мамандық бойынша жұмысқа ор­на­ласып, тіпті жеке кәсіптерін де дөңгелетіп отыр. 

Қалалық жұмыспен қамту орталы­ғы мамандары сондай-ақ құнарлы солтүстік өңірде төрт түлікті түлетуге мүмкіндік мол екендігін айтады. Биыл жыл соңына дейін 54 отбасын қамтыған тағы 200-ден аса тұрғынды аталған өңірлерге қоныс аударту жоспарда бар.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ