Дәстүр • 11 Ақпан, 2024
Соллаль мен Наурыз мейрамдарының айырмашылығы неде?
Ай күнтізбесі бойынша келетін биылғы Шығыс Жаңа жылы –Соллаль мерекесі 10 ақпанға тура келеді, дәл осы күні жасыл ағаш айдаһар жылы күшіне мінсе, бізде наурыз айында нағыз ұлу жылы басталады. Егер елімізде Жаңа жылды үш рет қатарынан қарсы алатын ұлт болса, ол – Қазақстан корейлері. Біріншісі – кәдімгі григориан күнтізбесіндегі жаңа жыл, екіншісі – Соллаль, үшінші – Наурыз.
Кино • 11 Ақпан, 2024
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы қатарлы үлкен лауазымды қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов қазақ жерінің бүгінгі тұтастығына зор үлес қосқан тұлға екені сөзсіз.
Күрес • 11 Ақпан, 2024
Әлішерге әлем чемпионының әлі жетпеді
Астанадағы Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатын еркін күрес шеберлері қорытындылады. Екі күнге созылған бәсекелер өте шиеленісті өтті. Жанкүйерлердің дені 97 кг салмақтағы тартысты көруге айрықшы құштарлық танытты. Себебі бұл жерде басты фавориттер алматылық Ризабек Айтмұхан мен жамбылдық Ерғали Әлішер еді.
Футбол • 11 Ақпан, 2024
Ұлттар лигасының жеребесі тартылды
Парижде Ұлттар лигасының 2024-2025 жылдарғы маусымының жеребесі тартылды. Қазақстанның футболшылары В лигасында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларына қарсы ойнайды. Бұл бәсекелер 5 қазан мен 19 қараша аралығында өтеді.
Көрме • 11 Ақпан, 2024
Өскемендегі Өнер музейінде «Уақыт палитрасы» атты көрме ашылды. Көрермен назарына ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан суретшілерінің түпнұсқа туындылары ұсынылған.