ЖОЛДАУ • 07 Ақпан, 2025
Отандық теміржол саласын жаңғырту және кеңейту жұмыстарын жүргізу көлік-логистика әлеуетін біршама жақсартуға мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда аталған салаға баса назар аудару керектігін айтты. «Теміржол саласын дамыту үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігін нығайту өте маңызды. Ол жеке секторды инфрақұрылымдық жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Бұл өз кезегінде инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді», деді Мемлекет басшысы.
Жоба • 07 Ақпан, 2025
Атаулы жылға арналған елдік жобалар
Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында еліміздің медиа кеңістігіндегі былтырғы нәтижелер, мемлекеттік орган құрылымындағы салалар бойынша қорытынды есеп тыңдалды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті проблемалар талқыланып, биылғы мақсат-міндеттер айқындалды. Басқосуға Парламент депутаттары, зиялы қауым, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.
Өндіріс • 07 Ақпан, 2025
Полиэтилен құбыр цехы іске қосылды
Былтыр күзде іске қосылған «УКа Трубтех» ЖШС-ға қарасты кәсіпорында электр желілеріне арналған құбыр шығаратын тағы бір цех жұмысын бастады. Мұнда диаметріне қарай күніне 3,5 шақырымға дейін электр құбырын өндіреді.
Салық • 07 Ақпан, 2025
Қосылған құн салығының бағаға әсері
Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты пікір білдірді. Олар ұсынылған өзгерістер қандай себепке байланысты көтерілгенін айтып, тетіктің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Шаруашылық • 07 Ақпан, 2025
Мал шаруашылығындағы маңызды мәселе
Қостанайда БҰҰ құзырындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) өкілдері ветеринар мамандардың біліктілігін жетілдіруге арналған тренинг өткізді. Мал дәрігерлері алдымен ірі қарада кездесетін қауіпті індетті анықтайтын сынаманы алудың заманауи талаптары туралы дәріс тыңдады.