Бизнес • 08 Ақпан, 2024
Қазақстан 2029 жылға қарай экономика көлемін екі еселеуге (ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға жеткізу) ниеттеніп отырғаны белгілі. Айтқанға оңай болғанмен, бұл – атқарарға ауыр шаруа. Нәтижені еселеу биігіне қазіргі мұнай сатумен баруға болмайды, әрине. Жаңа жағдайда өндірісті дамыту, шағын және орта бизнестің еңсесін тіктеу арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Соңғы деректер бойынша – ІЖӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі – 13,4, өндіруші сектор үлесі 14,5 пайызға жеткен. Бұл біздің біртіндеп шикізаттық модельден өңдеу индустриясын дамытуға бейімделіп жатқанымызды байқатады.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
«Қарызсыз қоғамды» қалай құрамыз?
Халықтың шамадан тыс несие алуы – көкейкесті мәселе. Миллиондаған адам көмек пен қолдауға зәру. Мамандардың айтуынша, еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 15%-дан көбінде 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар.
Баға • 08 Ақпан, 2024
Ұялы байланыс ақысы аспандап тұр
Заманауи технология адам өмірінің ажырамас құралы ғана емес, мағынасына да айналып бара жатқандай. Бүгінде ұялы телефонсыз аттап баса алмайтын, жаныңда болмаса жарты ісің жүзеге аспай қалатын дәрежеге жеттік. Миллиондаған абоненттің аузын өзіне қаратқан ұялы байланыстың құны болса ешбір кідіріссіз, алаңсыз өсіп жатыр. «Ауадағы қызмет» ақысының қалайша аспандай беретінін түсінбеген жұрт тарапынан шағымдар жиілеп кетті.
Денсаулық • 08 Ақпан, 2024
Қызылша вирустық инфекция болғандықтан, оны денеге шыққан бөртпеден бірден білуге болады. Тез жұғатын ауру ауа арқылы таралады және вирус адам бойында бірнеше аптаға созылады. Сондықтан болар қызылша қарқын алып тұр. Мамандар ауру белгілері байқалса, дәрігерге жүгінуге және қарсы көрсетілімдері болмаса, екпе алуға кеңес береді.
Медицина • 08 Ақпан, 2024
Атырау облыстық балалар ауруханасына ең қымбат құрылғы сатып алынды. Жаңа құрылғының құны – 100 млн теңге.