Спорт • 06 Ақпан, 2025
Харбинде кімдерге сенім артамыз?
Ертең Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарының алауы тұтанады. Бір аптаға созылатын байрақты бәсекеде 137 отандасымыз өнер көрсетеді. Олар спорттың 10 түрінен сайысқа түседі.
Руханият • 06 Ақпан, 2025
Әдеби шығарма өзегі – әлеуметтік дерт
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – нашақорлық, ішімдік секілді ең өткір әлеуметтік мәселе. Қорғансыз әйел мен балаға қарсы қылмыстың күн сайын өршіп бара жатқаны бүгінде жеке адамның емес, қоғамның дертіне айналды. Үй қорқауларының қорлығына үнсіз көніп, ішкі күйзелісін ешкімге тіс жарып айта алмай, өмір сүріп жүрген әйелдер мен балалардың мұң-қайғысын немесе олардың отбасынан безіп, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген оқиғалардың жиілей бастау қаупін сейілту тек құзырлы орындардың ғана қолында емес екенін тұтас қоғам түсінді. Жұрт болып жұмылып қарсы тұратын ауыр дерт сан қырынан сарапталып, себебі талданып жатқан тұста, бұл тақырыпты зерделеу өнер мен әдебиетте де көркем тәсілдермен көрініс тауып жатыр.
Таным • 06 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Қанды сарқырама
Қанды сарқырама – мұз құрсауындағы тылсым өзен. Антарктидадағы Тейлор мұздығынан аққан қызыл түсті су зерттеушілер арасында «Қанды сарқырама» аталып кеткен.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Ресми статистикаға сүйенсек, жұмыссыздардың көпшілігі – 20–29 жас аралығындағы азаматтар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, халықты жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс іздеп жүрген 68,4 мың адам тіркелген.
Таным • 06 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Сумела шіркеуі
Сумела – Түркияның шығыс Қаратеңіз аймағындағы Қаратаудың етегінде орналасқан 1700 жылдық тарихы бар әлемнің ең көне әрі маңызды тарихи монастырларының бірі.