Қоғам • 28 Ақпан, 2023
Ырысы мол, ынтымағы жарасқан Көкше төрінде ондаған ұлттың өкілі бір-бірімен тіл табысып, мамыражай күн кешіп жатыр. Ортақ мүддеге олжа салумен қатар, өздерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын дамытудың мол мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдаланып, бір кезде уақыт шымылдығы тұмшалаған асылдарын жарқырата аршып алып, жан-дүниелерін сәулелендіруге ұтымды пайдаланып отыр.
Пікір • 28 Ақпан, 2023
Бірден айтайық, біз Қазақстандағы депортацияға ұшыраған ұлт пен ұлыстардың тарихын түзген кезде мұндай сұрқия әдістің әуелі қазақтарға қатысты қолданылғанын білуіміз керек. Яғни қазақ ұлтына қатысты жазалау мен жер аудару саясаты кеңес одағындағы азамат соғысы аяқталысымен-ақ басталып кеткен болатын.
Халық • 28 Ақпан, 2023
Ерекше үйдің ерекше тұрғындары
Өткен жазда Орал қаласында «Өз бетінше тұруды сүйемелдеу үйі» деп аталатын ерекше кешен ашылған еді. Мұндай орталық бүкіл Қазақстан бойынша Алматыда ғана бар екен. Алғыс айту күні қарсаңында ерекше кешеннің ерекше тұрғындарымен кездесіп, олардың жүзіндегі шынайы қуанышты көрдік...
Қазақстан • 28 Ақпан, 2023
Көктем шуағымен ілесіп сонау Мысыр елінен, Каир шаһарынан ыстық ықылас, ізгі ілтипатқа шомылған, ішінде дұғай-дұғай сәлемі мен алғысы бар ақпарат келіп жетті. Мұның да өзіндік мәні бар. 1 наурыз – көктемнің алғашқы күнінде Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады. Бұл мерекеден ел мен елді елдестіретін елшіліктер де қалыс қалмай отыр.
Әскер • 28 Ақпан, 2023
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі барлық өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған, кеңпейіл, даладай дарқан, қонақжай қасиетімен дараланып тұратын қазақ халқына алғыс айтады. Барлығымызға көктеммен бірге жылулық пен мейірім сыйлайтын осы бір ерекше мереке қарсаңында Ұлттық ұлан қатарында жүрген өзге этнос өкілдері де өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірген еді. Солардың бір тобын оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.