Инфрақұрылым • 05 Ақпан, 2025
Жол сапасын жақсарту жалғасады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының жол жағдайын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес биыл 9,5 мың км жолға жұмыс жүргізу жоспарланған.
Салық • 05 Ақпан, 2025
ҚҚС: Әр секторға – әртүрлі мөлшерлеме
Қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 20%-ға көтеріледі дегенмен, әр салаға әртүрлі пайыз белгіленбек. Әсіресе ауыл шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика салаларына бірқатар жеңілдік қарастырылады. Тұрғын үй құрылысы секторына ҚҚС орнына инфрақұрылымдық алым салу ойластырылып жатыр. Сонымен қатар бөлшек салық төлеушілер саны қысқарып, бизнеске түсетін салық жүктемесі артады.
Өндіріс • 05 Ақпан, 2025
Елімізде тері илеп, жүн түтетін цех азайғалы қашан. Соның салдарынан мал терісі тиын-тебенге де саудаланбай қалды. Тері өндірісінен тіпті теріс айналдық. Қарағандылық Гүлпахат Құттыбаева есімді қаршадай қыз осы олқылықтың орнын толтырмаққа ниеттеніп, тері-жүн өңдеу цехын ашты.
Саясат • 05 Ақпан, 2025
Тату көршілік рухындағы серіктестік
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өткізді.
Экономика • 05 Ақпан, 2025
Агроөнеркәсіп кешені: ізденіс пен іркіліс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп саласына айрықша тоқталды. Аталған саланы дамыту бағытында тың ізденістер бар, шешімін күткен мәселе де жеткілікті. Мәселен, өткен жылы егін жинау рекордтық көрсеткішке жеткенімен, өнімді сақтау мен қайта өңдеу ісінде көп олқылық байқалды.