Сұхбат • 28 Ақпан, 2024
Оң өзгеріске бағытталған қадам
Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің форумында жас мамандарға зор жауапкершілік жүктелетінін, олардың негізгі мақсаты мемлекет мүддесі болуға тиіс екенін айтты. «Сіздер туған елге, Отанға қызмет етуге дайын болуларыңыз қажет. Өйткені күрделі заманға тап келіп тұрмыз. Көп қиындықты бастан өткеріп жатырмыз», деген Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің салмағын резервтегі жастар қаншалықты сезіне алды? Осы және жиында көтерілген өзге де маңызды сұрақтар жөнінде ой-пікірін білу үшін әлеуметтік жобаның игілігін көргендердің бірі – Олжас БЕЙСЕНБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.
Құқық • 28 Ақпан, 2024
Еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатын шетелдіктер әбден шектен шықты. Атыраулық полиция қызметкерлері өткізген «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз жүрген өзге мемлекеттердің азаматтары ұсталды. Еліміздің заңын ерен санамаған шетелдіктердің арасында Ауғанстан мен Бангладеш Республикасының алты азаматы бар.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Кей ауылдағы ағайын әлі күнге ауыз суға зар болып отыр. Тіпті ауыз судың ащы шуын талай рет көзбен көріп, құлақпен естідік. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жарлысу аулының тұрғындары миллиондаған қаржы жұмсалған жұмыстың соңы сиырқұйымшақтанып, салдарынан «ауыз суға жарымай отырмыз» деп бірнеше рет техникалық судың зардабын шегіп отырғанын айтқан болатын. Тіршілік нәрінен тарыққан ауылдар шынында да аз емес...
Алматы • 28 Ақпан, 2024
Дизайн-кодты кәсіпкерлер жандандырмақ
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері Алматының дизайн-кодының брендбуктарын әзірлеу тәсілдеріне ұсыныстар жинау мақсатында семинар өткізді.
Бокс • 28 Ақпан, 2024
Ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайын
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындық аясында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынында бас қосты.