Оқырманға түсінікті болуы үшін 2023 жылдың 29 желтоқсанында Алматы қаласының дизайн-коды қабылданғанын, биыл наурызда бұл қолданысқа енгізілуге тиіс екенін айта кеткен жөн. Ал кәсіпкерлерге жаңа талаптарға бейімделуге 1,5 жыл уақыт беріліп отыр. Жаңа талаптарға бейімделуі үшін оларға бастапқыда субсидиялау нұсқалары қарастырылып жатыр.
Ал Дизайн-код туралы заң қалалық ортадағы төмендегідей нысандарды реттейді: түрлі ақпарат тасымалдауыштарды рәсімдеу және толтыру, сондай-ақ ақпарат орналасқан объектілерді әрлеуге қойылатын талаптар; навигация жүйесінің элементтерін орнату, безендіру талаптары; көше жиһаздарын, стационарлық емес сауда объектілерін таңдауға, орналастыруға және қала аумақтарын құрылыстың негізгі морфотиптері бойынша қатысы жоқ жіктеуге қойылатын талаптардың базалық тізбесі; жергілікті табиғи-климаттық жағдай, жасыл кеңістіктердің ерекшеліктері мен экологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, көгалдандырудың ландшафт дизайнына қойылатын талаптар; қасбеттік элементтерді безендіру және әрлеу талаптары; уақытша қоршау элементтерін рәсімдеу талаптары.
Бұл – «Атамекен» өңірлік палатасы жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің бірінші отырысы. Туризм жөніндегі кеңес құрамында «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры Рашида Шайкенова, Альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының вице-президенті Бағлан Жүнісов, «Туранга Group» ЖШС басшысы Алексей Гужавин, «The Ultimate Visionary Group» ЖШС компаниялар тобының негізін қалаушы Дмитрий Лактюшин, «AB Restaurants» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Асқар Байтасов, «Облака» ЖШС басшысы Сергей Спицын, «Chimbulak Development» ЖШС директоры Ринат Әбдірахманов, «Sky Way LTD» ЖШС басшысы Әсем Қозбағарова, «Global Air» бас директоры – «American Express» Гүлден Оспанова, «Давай сходим» медиа-холдингінің негізін қалаушы Әлішер Тойғулиев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Назерке Мұндаханова сынды іскер адамдар бар.
Жиынды жүргізіп отырған Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов: «Туризм саласының алдында тұрған нақты міндет – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетіп, туристер тарту, қонақтардың демалысы мен серуеніне қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылым мен қызметтерді жақсартып, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыру», дейді.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін Туризм кеңесі жұмысын өзгерте отырып, қоғамдық бастамалармен ғана шектеліп қалмай, іскерлік әрекеттерге көшпек.
«Жұмысын қайта қолға алып отырған кеңестің ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Көздегеніміз бір, ойымыз ортақ: қаламызды көркейту, туризмді дамыту», деді ТОО «The Ultimate Visionary Group» компаниялар тобының негізін қалаушы Дмитрий Лактюшин.
Туризмді дамыту бағытында Алматының архитектуралық келбеті, көшедегі жазулар мен жарнамалардың мазмұнын реттеу үлкен маңызға ие. Туризм кеңесі шеңберінде өткен семинар бизнес тәжірибесін, сұраныстарды, негізгі проблемалар мен мүмкіндіктерді талдауға бағытталған.
«Жобалық семинар барысында барлық шешім мен ұсынысты бірге жинақтаймыз. Мұндай жобалық семинарлар бизнес тәжірибесін, сұраныстарды, негізгі түйткілдер мен мүмкіндіктерді талдауды көздейді», дейді Дизайн-код жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева.
АЛМАТЫ