Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алыстағы шетелдердің азаматтары 2023 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығында Қазақстан аумағына сауда-саттық, маркетинг жүргізу мақсатымен келіп, Алматы және Қостанай қалаларына барғаны анықталған. Алайда олар виза мерзімі өткенімен, ел аумағынан шықпай қалған. Осыған байланысты сот шешімімен төрт шетелдікке айыппұл салынды. Екі азаматтың визасы жарамсыз деп танылды. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған олардың бәріне Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге шығу визасы берілді. Енді олар еліміздің шекарасынан 15 күннің ішінде шығып кетуі керек.
Мұнайлы өңірде 19 ақпаннан бері «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – көші-қон заңдылығын бұзған шетел азаматтарын анықтау, ел аумағынан өз еркімен кету туралы сот қаулысын орындамаған шетелдіктерді мәжбүрлі түрде шығару. Үш күнде Атырау қаласының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген 50-ден аса шетелдік анықталды. Өзге елдің азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 517-бабының 5-тармағымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды.
Шетелдіктер заңыз жүргенімен қоймай, алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде көлік жүргізетінді шығарды. Полиция қызметкерлері 20 ақпанда Атырау қаласындағы И.Тайманов даңғылы бойында «Chevrolet Cobalt» маркілі автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің Өзбекстан Республикасында тіркелгені анықталды. Ал көлікті аталған елдің 1989 жылғы тұрғыны мас күйінде жүргізгені дәлелденді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Атырау облысы