Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Қарағанды облысында көктемгі аң аулауға шектеу ұзартылды
Қарағанды облысында көктемде аң аулауға мораторий ұзартылды. Биылғы жылы 1 наурыздан 15 мамырға дейінгі аралықта жабайы аңды ату заңсыз деп табылады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
«Рахат» компаниясы отандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Рахат» компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды. Осы айтулы оқиғаға орай, бүгін Алматыда кондитерлік фабриканың жетекшілері журналистермен кездесті.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Алматыда «Дүлей апаттардың тәуекелін қаржыландыру» аймақтық форумы өтті
Жер аяғы жібіген көктем айларында күннің күрт жылынуы салдарынан ел аймақтарында су тасқыны қаупінің күшейе түсетіні белгілі. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын елімізде орын алатын су тасқынынан 300 мыңға жуық адам зардап шегетіні анықталған. Тосыннан келген табиғат апаттарына тосқауыл ретінде миллиондап қаржы жұмсалатынын ескерсек, бұл экономиканың дамуына да кері әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Орта Азия мемлекеттеріне үлкен шығын әкелетін төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері Алматыда өткен «Дүлей апаттардың тәуекелін қаржыландыру» аймақтық форумында жан-жақты талқыға салынды.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Ақтөбелік көпбалалы отбасылардың үйлеріне өрт дабылы орнатылуда
Астанадағы қайғылы оқиғаның жаңғырығы: Ақтөбедегі мұқтаж тұрғындардың үйлеріне өрт дабылын хабарлағыштар тегін орнатылуда. Ендігі 150 үй өрт сөндіргіштермен, дербес датчиктермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Ақтөбе облысында 4 мыңнан аса кәсіпкер салық рақымшылығын пайдалана алады
2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы тарихында алғаш рет 500 млрд-тан астам салық жиналған. Мұндай мәлімет мемлекеттік кірістер департаментінің облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан жиналысында берілді.