Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

«Рахат» компаниясы отандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды

1157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Рахат» компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды. Осы айтулы оқиғаға орай, бүгін Алматыда кондитерлік фабриканың жетекшілері журналистермен кездесті.

«Рахат» компаниясы отандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы атанды

«Рахат» АҚ үшін 2018 жыл да  кезекті табыс жылы болды. Компанияның барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін байқалды – түсімі, табыстылығы және нарықтағы үлесі ұлғайды. Әсіресе, шоколадтар санаты аса жақсы нәтиже көрсетті.

«Рахат» АҚ Басқарма Төрағасы Федорец Константин: «Компания үшін өткен жыл аса маңызды болды, себебі біз барлық санаттардағы өнімдеріміздің дәстүрлі сапасы, қыркүйек айында ашылған жаңа шоколад өндірісі желісі, сонымен қатар бөлшек саудадағы амалдарды өзгерту есебінен тұрақты өсу фазасын сақтай алдық. Біз нарықтағы үрдістерді қатаң қадағалап отырамыз, басқа ойыншылардың әрекеттері мен белсенділігін талдаймыз. 2019 жылы өсім қарқынын ұстануға және бәсекелестік артықшылықтарымызды арттыра түсуге дайынбыз» деді.

Сонымен 2017 жылмен салыстырғанда, 2018  жылы компанияның жалпы табысы 4,8% өскен, компания жылды 59 171 млн. теңге түсіммен жапты. Нарықтағы үлесі 2% өсіп, негізгі санаттар бойынша 20,5% көрсеткішіне жетті.

Компанияның табысы да едәуір ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда операциялық пайда көрсеткіші 9,1% өсіп, 8 758 млн. теңгені құрады.

Әсіресе, шоколад тілімін өткізу көрсеткіштерін айта кету керек. Жалпы санат бойынша төмендеу үрдісі қарқын алып келе жатқанда мұндағы нарық үлесінің жылдық өсімі 6% құрады.Қазақстандық тұтынушылар жылдар бойы тексерілген сапаны таңдап, біздің шоколадты сатып алғанды артық көреді, сөйтіп, бізді осы санат бойынша нарықтағы көшбасшы атағына жақындата түседі.

Осы ретте теңгемен көрсетілген бағасы 3% өсіп, АҚШ долларындағы бағасы 4,3% төмендеді.

Сондай-ақ, өткен жылы компания бірнеше үлкен жобаны жүзеге асыруға қол жеткізген. 2018 жылдың ең ірі жобасы Алматы қаласындағы фабрикада жаңа шоколад желісі іске қосылды. Бұл компанияға маусымның басында өскен сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

Және Оңтүстік Кореядан келген PEPERO сауда белгісінің жаңа өнімдері сәтті іске қосылғанын да айта кету керек. Соңғы жыл ішінде импорттық өнім екі есе өсім көрсетті.

Меншікті бөлшек сауда орындарының экспансиясы жалғасты – Алматыда, Астанада және Шымкентте 5 жаңа дүкен ашылды.

Ал экспорт бойынша өсім, негізінен, Кедендік Одақтан тыс елдер есебінен 4,5% құрады. КО ішінде 2,2% төмендеді.

Әлеуметтік жауапкершілік пен мойындалу тұрғысында сөз қозғайтын болсақ, 2018 жылғы ақпан айында Мәскеу қаласында өткен «ПРОДЭКСПО - 2018» азық-түлік өнімдерінің 25-ші халықаралық көрмесінде «Үздік өнім-2018» халықаралық байқауы аясында «Рахат» АҚ өнімі 11 номинацияда алтын медальдарға ие болды. 

Фабрика демеушілік және қайырымдылық істерімен айналысып, белсенді әлеуметтік позицияны ұстанады. Компания мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетімдерге және күнкөрісі төмен жанұялардан шыққан балаларға арнап түрлі спорттық, мәдени, мерекелік шараларды өткізуде демеушілік жасайды.

2018 жылы қазан айында демеушілік және қайырымдылық саласында «Алтын жүрек» сыйлығынаноминант дипломын иеленді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ