Қылмыс • 26 Ақпан, 2025
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен елдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Өнер • 26 Ақпан, 2025
Есте қаларлықтай ерекше концерт
Ертіс–Баян өңірінде ел есінде қаларлық ерекше концерт өтті. Жергілікті композиторлардың шығармалары орындалған кеште бұрын үлкен сахнаға аяқ баспаған алыс аудандардың өнерпаздары жарқ етіп көрінді.
Мектеп • 26 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы бастамашы болған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 21 мектеп бой көтереді. Ұлттық жоба шеңберінде салынған 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Келесі оқу жылына дейін тағы бесеуі есігін айқара ашады. Білім берумен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына бар жағдай жасалған осындай білім ошақтарының екеуі облыс орталығынан орын тепкен.
Тағзым • 26 Ақпан, 2025
Қызылжардағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханаға қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі жазушы Сәбит Мұқановтың есімі қайтыс болғаннан кейін 2-3 айдан кейін берілген. Мұндай жеделдіктің себебі – Қызылжардың қақ ортасындағы осы үш қабатты тамаша кітапхананы жазушының өзі депутаттық сауал жолдау арқылы салдырған. Тіпті өз қалтасынан да қаражат қосыпты. Сондықтан кітапхана қызметкерлері 52 жыл бойы жазушының жақсылығын ұмытпай, оның есімін құрметтеп келеді.
Ғылым • 26 Ақпан, 2025
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары ойлап тапқан ғылыми жаңалық өндіріске енгелі жатыр.