Жоба • 05 Ақпан, 2024
Оқырманға арналған онлайн жоба
Қостанайда көпшіліктің көркем әдебиет оқуға деген ынтасын, кітапқа құштарлығын арттыратын онлайн байқау басталмақ. Облыс әкімдігі қолдап, облыстық кітапхана қолға алып жатқан игі жоба ақпан мен мамыр айының аралығында өтеді және төрт кезеңнен тұрады. Үлкен-кішіні бөле-жармай, кітап оқитын зерделі қауымды толық қамтыған мұндай ауқымды байқаудың өңірде тұңғыш рет өткелі отырғанын айта кеткен жөн.
Ауыл • 05 Ақпан, 2024
Осы күні қаламен қатар ауылға да құрылыстың небір үлгісі жетті. Шаруаға жайлы болса, жер шалғайлығына қарамай, алыс елді мекендерде де шаһардағыдай зәулім үйлер салып жатқандар көп. Бірақ Жалағаштағы киіз үй пішіндес баспананың орны бөлек.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Іргетасы сонау 1968 жылы қаланған ауыл мектебінде цирк студиясы жұмыс істейді. Ақмола облысына қарасты Макинка аулындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған студияда 20 оқушы шеберлігін шыңдап жүр. Цирк өнерпаздары қазірдің өзінде республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып үлгерген екен.
Өнер • 05 Ақпан, 2024
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде Мажарстаннан келген қобызшы қыз Богларка Фехер білім алады. Қазір ол қобыздан бөлек, домбыраны да үйреніп жүр.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Бочча спортын дамыту шаралары талқыланды
Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев елімізде паралимпиадалық боччаны одан әрі дамытуға арналған отырысқа қатысты. Іс-шарада республикалық Федерация мен өңірлік өкілдіктердің бірлескен жұмысын әрі қарай жандандыру мәселелері және жаңа жобалар талқыланды, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.