Ауыл • 05 Ақпан, 2024

Ел назарын аударған ерекше үй

24125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күні қаламен қатар ауылға да құрылыстың небір үлгісі жетті. Шаруаға жайлы болса, жер шалғайлығына қарамай, алыс елді мекендерде де шаһардағыдай зәулім үйлер салып жатқандар көп. Бірақ Жалағаштағы киіз үй пішіндес баспананың орны бөлек.

Ел назарын аударған ерекше үй

Ел назарын аударған ерек­ше баспананы Асылбек Алғашов деген азамат сал­ған екен. Бүгінде Алматы облы­сының тұрғынына айналған ол кісінің әке-шешесі осы үйдің орнындағы шаңырақта тұрыпты. Жыраққа қоныс аударған соң, қараусыз қал­ған үй ескірсе керек.

Өзінің айтуынша, атасы қолы шебер ұста болған екен. Әулеттерінде ата жолын ұстағандар да болған. Осыдан да 2–3 жыл бұрын көне баспана орнына киіз үй формасында жаңа бас­пана көтеруге бел буған. Ір­­­гетас құйып, үйдің қа­быр­­­­ғасын темірмен кө­тер­ді. Екі жылға созылған құ­ры­­лыстың аяқталуы А.Ал­ғашовтың 70 жасқа толған мерей­тойымен тұспа-тұс ке­­ліп, жаңа шаңырақта әке-шеше аруағына Құран ба­ғыш­тапты.

Үй диаметрі – 10 метр. Баспанадағы шаңырақ пен қазақы қалыптағы жиһаз, қабырғадағы кілемшелер көзге жып-жылы көрінеді. Этностильдегі үйде асхана, жатын бөлмесі де бар. Сандық үстіне жиылған жүк, домбыра мен қамшы да көзге бірден түседі.

Киіз үй пішіндес бас­панаға жастар жағы қатты қызығатын көрінеді. Ерекше үйді көруге өзге өңірлерден арнайы келетіндер де көп екен.

 

ҚЫЗЫЛОРДА