Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі меморандумға қол қойды
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов пен Жоғары Сот Кеңесі төрағасы Денис Шипптің кездесуі аясында тараптар келісімге келді. Екі жақ судья кадрларын іріктеу процестерін жетілдіру, олардың әлеуетін арттыру және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мәселелерінде ынтымақтастасуға уағдаласты.
Қаржы • 05 Ақпан, 2024
«AIFC Connect: London 2024» іс-шарасы өтті
2 ақпан күні «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «AIFC Connect: London 2024» іс-шарасын өткізді. Іс-шара алаңында Қазақстан мен Орталық Азияға инвестициялау мүмкіндіктерін талқылау үшін 70 инвестициялық банктерден, халықаралық қаржы, консалтингтік компаниялардан, заң фирмаларынан 120 өкіл қатысты.
Медицина • 05 Ақпан, 2024
Павлодарда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті ауруханаларға таратқан
Павлодар облыстық прокуратурасы екпе салу науқанындағы жұмыстарды тексеріп, құны 21 миллион теңгеден көп 9,5 мыңнан астам вакцинаны дұрыс пайдаланбау дерегін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Ақпан, 2024
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды
Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.