Технология • 05 Ақпан, 2023
Виктор Брус бастаған физиктер тобы өнімділігі жоғары және радиацияға төзімді жаңа фотодиод жасап шықты. Қазақ топырағында жасалған зерттеу нәтижелері туралы мақала халықаралық Advanced Optical Materials журналына жарияланды. Тіпті сүйінші хабар беделді басылымның мұқабасынан басталған. Біле білсек, бұл – үлкен жетістік, зор мақтаныш.
Тарих • 05 Ақпан, 2023
Мысыр – османдықтар басып алғанға дейін де түркі тұқымдас халықтармен тығыз қарым-қатынаста болған ислам өлкесі. Мұнда алғашқы түрік мемлекетін құрған – Толыпұл (868-905) және Иқшыт (935-969) әулеті. Бірақ Мысыр тарихында мәмлүктердей (1250-1517) сүбелі із қалдырған ешкім жоқ. Аталған кезеңде адамзат тарихында айтулы ісімен көзге түскен талай тұлға болды. Солардың ішінде әз-Зәкір Рухи ад-Дин Байбарыс (қазір тарихшы және тілші ғалымдар сұлтан есімінің осы нұсқасын жөн деп санайды) әл-Бундукдаридың орны бөлек. Ол – Мысырдағы мәмлүк әулетінің негізін қалаушы, белгілі қолбасшы, аты аңызға айналған мемлекет басшысы. Сүйегі – тарихи мағынадағы қыпшақ. Есін білер-білместен алдымен Сивасқа, одан Алеппоға сатылып, Шам, ақыры Каирдегі теңіз құлдары арасынан бір-ақ шықты. Осынау ұзын бойлы, көзі көк, қараторы өңді, зор дауысты, жігерлі қыпшақ жігітінің қимылы қашанда шалт және әділ болатын. Сол үшін де оны әріптестері сыйлады, керек болса ығысып, қорықты да. Ақыры ол жат елге құл болып келіп, сұлтан болып даңқы шықты. Бұл оның Мысырда 1260-1277 жылдар аралығындағы мәмлүк тағына сұлтан боп отырған ерлік пен күреске толы жанкешті жылдары еді. Шындығында, ол осынау он жеті жылда адам баласы сеніп болмайтын ерлік жасады. Оның бәрін бірдей санамалау – арнайы ғылыми еңбектің үлесі.
Руханият • 05 Ақпан, 2023
Биыл Алаштың аймаңдай ақыны, ұлтымыздың рухани ұстынына айналған тұлғамыз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай Қызылжар өңірінде түрлі мәдени шаралар басталып кетті. Соның бірі – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ұйымдастырылған «Біздің Мағжан» атты көрме.
Әдебиет • 05 Ақпан, 2023
Кешегі аумалы-төкпелі заманда көптеген ақынның кей әндері мен өлеңдері авторсыз аталып, тіпті осы уақытқа дейін халық әні деп келдік. Сондай әннің бірі – «Қараторғай» еді. Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар. Біз бүгін «Құс болсаң, жібектен бау тағар едім, күмістен тұғырыңды жабар едім, бейіштің гүлжазира бақшасында, қолға алып, сылап-сипап бағар едім» деген нұсқасы туралы айтамыз.
Музей • 05 Ақпан, 2023
Армян диаспорасының мәдени экспозициясы
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей өзге елдермен мәдени ынтымақтастықты белсенді дамыту жолында көптеген маңызды жобаны жүзеге асыра бастады.