Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей өзге елдермен мәдени ынтымақтастықты белсенді дамыту жолында көптеген маңызды жобаны жүзеге асыра бастады.

Суретті түсірген Юрий Беккер
Осы мақсатпен өткен жылы Армения Республикасы елшілігінің қолдауымен Еревандағы Армения тарихы музейі және Алматыдағы Қазақстан Мемлекеттік орталық музейі екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған-ды.Меморандум негізінде «Армян диаспорасының мәдениеті» экспозициясына Армения тарихы музейінің заттары сыйға тартылды. Бұл армян халқының жарқын мәдениеті мен дәстүрлерін сипаттайтын фрагменттер – әлемге әйгілі хачкарлар (балбалтасқа ұқсас крест тастар), тұрмыстық заттар мен сәндік-қолданбалы өнер үлгілері, ерлер мен әйелдердің дәстүрлі костюмдері және зергерлік бұйымдар сөреден өз орнын тапты. Заттардың ішінде қыш құмыралар, мыс қазандық, XIX – XX ғасырлардағы салттық науа, үрмелі музыкалық аспап (дудук), панельдер, киім аксессуарлары және тағы басқа армян халқы үшін қастерлі бұйымдар бар.
Қабылданған меморандумға орай ақпан айының алғашқы күндерінде Мемлекеттік орталық музейде Қазақстандағы Армения елшілігімен бірлескен армян мәдениеті мен тарихы экспозициясының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның маңызын атап өткен Мемлекеттік орталық музейдің директоры Рашида Харипова: «Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянға белсенді ынтымақтастығы мен музей жәдігерлерін тасымалдауды ұйымдастыруға және Ереван тарихы музейінің бізге берген бірегей экспонаттарымен толықтыруға жәрдемдескені үшін рахмет айтамын. Сондай-ақ құнды жәдігерлерін тапсырғаны үшін және екі ел арасындағы мәдени байланыстардың дамуына қосқан үлесі үшін Армения тарихы музейінің директоры Дэвид Погосянға да алғысымды білдіремін. Енді келушілерге Арменияның бірегей мәдениетімен және тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік туып отыр», деді кіріспе сөзінде.
Армения елшісі Армен Гевондян мәдени байланыстарды дамытудағы және халықтар мәдениеті мен тарихын танымал етудегі ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті. «Туған жеріңді, оның тарихын, әсіресе басқа елдің мемлекеттік музейі қабырғасында көріп, сезіну деген зор бақыт. Біз осындай мүмкіндік алып отырмыз. Армян халқының тарихы мен тұрмысына арналған экспозициядан үлкен әсер алып, «өз үйіміздей» деген сезімді бастан кешіп отырмыз. Көрменің ашылуы бізді шынымен біріктіреді. Мәдениеттің дамуына, ең алдымен көмек пен қолдау керек. Осы экспозиция біздің өзара мәдени байланысымызды одан әрі дамытуға үлес қосып, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қызмет ететініне сенемін», деді А.Гевондян.
Экспозицияға шақырылған қонақтарға «Арвест/Өнер» көркем галереясының директоры Рима Цяканян экскурсия өткізді. Музейге келгендерді Қазақстан аумағында тұратын армян диаспорасының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысының бірегей бұйымдарымен таныстырды.
АЛМАТЫ
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар