Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Ердің жасы елу ме? Ерлер арасында өлім-жітім белең алып тұр
Ұлттың бүтіндігін құрайтын байлықтың ен басында ер-азаматтардың денсаулығы тұр. Демографияңыз да, елдің әл-ауқаты да ер-азаматтардың күш-қуатына байланған. Десек те, қазіргі ахуал бізді алаңдатпай қоймайды. Елу дейтін жігіттің тепсе темір үзетін дер шағында «жүректен қайтыс болыпты», «инсульт алыпты», «инфаркт болыпты» дейтін жайсыз хабарларды жиі еститін болдық.
Парламент • 26 Ақпан, 2019
Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарында болды
25 ақпанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері еліміздің қорғаныс саласындағы алдыңғы саптағы өнеркәсіптің бірі – бронды техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» машина жасау кәсіпорнында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Өнер • 26 Ақпан, 2019
Өнеріміз өрге басып, тіліміз түлеуде
Қазақ табиғатынан тәубешіл әрі тәуекелшіл халық. Жаратқанның бергеніне шүкіршілік етіп, тойған қозыдай томпиып, тоқмейілсіп отыра беру мінезінде жоқ. Тумысынан жылқы мінезді халық алысқа шапқанды аңсайды, көсіле дүбірлеткенді көксейді. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырған елдің бүгінгі толағай табыстарын көргенде маған осындай ой келеді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті
Бұл атаулы күн алғаш рет 2014 жылы 27 ақпанда Финляндияның Хельсинки қаласында халықаралық деңгейде аталып өткен. Ол туралы Литвадағы Балтық теңізі аймағының IX үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) форумының 8-ші саммитінде жарияланған еді. Шара ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында әріптестік орнату, жас және кәсіби ҰЕҰ-ларды қолдау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған.
Ақтөбеде 20-дан аса көгершін көпшілік назарына ұсынылды
Ақтөбелік құс өсірушілер бір-бірімен тәжірибе алмасып, пікірлесіп тұрады. Олар көгершіннің түр-түрін қолға үйретіп, одан шабыт алады, қуаттанады. Күні кеше «Геолог» мәдениет үйінде өткен халықаралық көгершіндер фестивалінде осыған көзіміз жетті. Байрақты басқосуға Өзбекстанның, Ресей Федерациясы Қазан, Орынбор аймағының және Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Қарағанды қалаларының құс өсірушілері қатысты.