Руханият • 24 Ақпан, 2023
Кез келген шығармашыл жанның жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр адамның әйтеуір бір жазары бар.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2023
Эльмира Оразалиева: Мақсатымыз – мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту
Елімізде «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтіп жатыр. Оны Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Nazarbayev University және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бірлесіп ұйымдастырды. Семинардың жұмысымен кеңірек танысу үшін Nazarbayev University Қазақ тілі және түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Эльмира ОРАЗАЛИЕВАМЕН әңгімелескен едік.
Өнер • 24 Ақпан, 2023
Қазақ эстрада өнеріне тың серпін беріп, шабыттандырған шығармашылық ұжым туралы айтпай кету мүмкін емес. Ұлттық нақыштағы музыкалық туындылармен сахна төріне жол тартқан «Гүлдер» еліміздің бетке ұстар ансамбльдерінің бірі болды. Өнерпаздар Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне гастрольдік сапарларға шығып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытындағы концерттік бағдарламаларды көрермен назарына ұсынды.
Өнер • 24 Ақпан, 2023
Біздің Димаш ән айтқанда жаныңыз масайрайды. О, сол дария дауыстың демінен тау дірілдердей, жер теңселердей… Құдайды еске салады. Сенесіз бе, біз бүгінгі өнерге соның биігімен көз тастайтын болдық. Енді үнемі солай бола бермек.
Медицина • 24 Ақпан, 2023
Медициналық туризм кенжелеп тұр
Тәуелсіздіктен бері отыз жылда негізінен индустриялық жобаларға басымдық беріліп, кейбір салалардың, атап айтқанда, туризмнің кенже қалғаны байқалады.