Қаржы • 25 Ақпан, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Қарағанды облысына барды. Жұртшылықпен, профессор-оқытушы құрамымен, студенттермен, шахтерлермен, мәдениет қайраткерлерімен, жергілікті мәдени қауымдастықпен, ауыл тұрғындарымен кездесулерде жаңа Ата заң жобасының мазмұнына қатысты орамды ой-пікірлер айтылды.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл ретте түбегейлі өзгерген жаңа Ата заңды әділетті Қазақстанды құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі деп атауға болады. Елдің саяси архитектурасын өзгертетін бұл «қайта жүктеу» тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түседі деген сенімдеміз.
Бизнес • 25 Ақпан, 2026
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Қосылған құны жоғары зергерлік бұйым өндірісі – экономиканы әртараптандырудың тиімді тетіктерінің бірі. Әлемдік тәжірибе шикізат қоры шектеулі елдердің өзі әшекей индустриясын табыс көзіне айналдыра алғанын көрсетеді. Ал бағалы металға бай еліміз үшін бұл бағыттың мүмкіндігі тіпті ауқымды. Қазір елде зергерлік бұйым саудасымен айналысатын 4 542 кәсіпкер бар, оның 445-і – өндіруші. Былтыр өндіріс көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті. Дегенмен сала әлеуетіне сай серпін алды деуге әлі ерте – шешімін күткен түйткіл де, жүйелеуді қажет ететін мәселе де баршылық.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Кейінгі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп, жеке шот арқылы жүретін күмәнді ақша айналымы артты. Осыған байланысты қаржы реттеушілері бақылауды күшейтіп, жаңа талаптар енгізді.