Қоғам • 23 Ақпан, 2024
«Құны 10 миллион теңге». Полиция қызметкерлері үнді марихуанасын тәркіледі
Жамбыл облысында құны 10 млн теңгені құрайтын үнді марихуанасы тәркіленді. «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2024
Асыл тұқымды жылқылар иелеріне қайтарылды
Полицейлер 2,5 млн теңге тұратын асыл тұқымды жылқыларды іздеп тауып, иелеріне қайтарып берді. Арызданушылардың айтуынша, жылқылар түнде ат қорадан жоғалып кеткен. Іздеуге учаскелік инспекторлар мен криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде жылқылар жарты күн ішінде табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат • 23 Ақпан, 2024
Сенатта заманауи энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланды
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның төртінші отырысы өтті. Іс-шарада қатысушылар заманауи энергия көздерінің жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші соққыға жығылды. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, кішкентай бүлдіршінді өзі сияқты балалар төпелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.