Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Бос жатқан жерлерге бақылау күшейді
Қостанай облысында қараусыз жатқан алқаптар мен мақсатсыз пайдаланымдағы жер телімдеріне бақылау күшейтілді. Әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен коммерциялық құрылыс нысандары түсетін жер телімдері қатаң қадағалауға алына бастады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Сан салаға серпін берген Түркістан
Киелі Түркістанға келген меймандар облыс орталығы осы қалаға көшкен соң Елбасы Н.Назарбаевтың бабалар үлгісімен тасқа қашап жаздырған «Көне Түркістан жаңа Қазақстанның шырайлы шаһарына айналады» деген сөздерін оқып, осы көреген болжамның қазірдің өзінде ақиқатқа айналып жатқанына куә болады. Елбасының айрықша назарындағы қасиетті Түркістанда құрылыс жұмыстары ерекше қарқын алған.
Таным • 26 Ақпан, 2020
Өкінішке қарай статистикалық мәліметтер жыл сайын елімізде төрт жүзден астам әйелдің тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан көз жұматындығын растайды. Және әрбір үшінші қылмыс (37,8 пайыз) әйелге деген әлімжеттікпен байланысты болып келеді.
Әлем • 26 Ақпан, 2020
Парижді мойындатқан қазақ қызы
Оқырман есінде болса, өткен жылы дәл осы ақпан айында Еуропаның сән әлемінде ойып тұрып орнын алған, 20 жыл бойы Кристиан Диордың табыс тұмарына айналған №1 моделі Алла Ильчун, анығырағы Алла Қуантханқызы Елшінді өз халқымен табыстырған, таныстырған мақаламызды жариялағанбыз. Өмірден озар алдында ғана әйгілі өнертанушы, сән әлемінің білгірі, ресейлік «Модный приговор» телебағдарламасының жүргізушісі Александр Васильевке әкесі қазақ екенін мойындап кеткен Алла Елшін туралы тұңғыш деректі фильм де түсіріліп, алдымен Парижде көрсетілді. Көп ұзамай осы ақпанда Берлин Иришевтің «Алла – DIOR-дың шығыс жұлдызы» фильмі әкесінің кіндік қаны тамған топыраққа да келіп жетті.
Руханият • 26 Ақпан, 2020
«Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп...»
Дана халқымызда «Келген жеріңнің биігіне шық, елінің үлкеніне жолық» деген нақыл бар. Аузының дуасы бар, ақылдың қаймағына ие ізгілікті, мейірбан, әділетті өмір-тіршілік, келешек жайын, дүние құбылыстарын салиқалы көзқараспен дұрыс безбендеп шешімпаздық танытатын ақсақал – ауыл-аймақтың айбары, құты.