Экономика • 23 Ақпан, 2023
Тәуелсіз еліміздің өсуімен тығыз байланысты «Теңізшевройл» өзі жұмыс істеп келе жатқан 30 жылдың ішінде тұрақты даму мен ілгерілеудің жарқын мысалына айналды. Егер 1993 жылы компания небәрі 1 млн тонна мұнай өндірген болса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30 млн тоннаға жуықтады.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2023
Демография теңсіздігі – қауіпті үрдіс
Ғалымдардың айтуынша, халықтың сандық және сапалық құрамының үйлесім табуы – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Ал еліміздегі демографиялық теңсіздік мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Бұған не себеп? Үкімет қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі ме? Перспективалық жоспар қандай? Қауіпсіздігімізді нығайтып, алып территориямыз бос қалмау үшін халық санын қалай арттырамыз?
Отбасы • 23 Ақпан, 2023
Жыл басталғалы елімізде 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болған. Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есеге артқан. Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама келіп түсетін көрінеді.
Инфографика • 23 Ақпан, 2023
Жеңіл өнеркәсіп: ірі өндірістің маңайына топтасады
Стратегиялық тұрғыдан таразыласақ, жеңіл өнеркәсіп азық-түліктен кейін екінші орында. Азық адамға қалай қажет болса, киім-кешек те тап сондайлық сұранысқа ие. Өнеркәсіптің аты жеңіл болғанымен, заты ауыр. Кейінгі жылдары көп кенжелеп қалды. Енді ғана көшін түзеуге тырысып келеді. Әйткенмен, көсіліп кете алмай тұр. Өйткені оның да өзгелер секілді сыртқа беймәлім, тек өзіне аян іштен жеген проблемалары баршылық.
Білім • 23 Ақпан, 2023
XXI ғасырда ғылым мен техника, экономика мен өндіріс қаншалықты қарқынды дамығанымен, көптеген елде ұрпақ тәрбиесі аса маңызды мәселелер қатарына қосылып отыр. Бізді де осы жағдай мазалайды.