Теннис • 23 Ақпан, 2023
27 ақпан мен 12 наурыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «ITF World Tennis Tour» сериясы аясында әйелдер арасындағы «BeeTV 40 Women’s» және «BeeTV 60 Women’s» жарыстарының жалауы желбірейді. Екі турнирдің жалпы жүлде қоры –100 мың АҚШ долларын құрайды.
Сайлау • 23 Ақпан, 2023
Сайлаудың негізгі кезеңдерімен танысты
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен бейнеконференция режімінде кездесті. Бұл топ еліміздегі Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық пен оны өткізу мониторингін жүзеге асырады.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Пресс-картаны сала өкілдері комиссиясы береді
Ұлттық медиа ассоциациясы алаңында «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты талқылау өтті. Онлайн форматында өткен жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Партия • 23 Ақпан, 2023
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидат Мақсұт Насибулов және бірмандаттық округ бойынша үміткер Валерий Смоквин Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесті.
Партия • 23 Ақпан, 2023
«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабы мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесуін жалғастырып жатыр. Сайлауалды үгіт-насихат аясында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы атынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер алматылық кандидаттармен бірге «Маслодел» зауытының және Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының ұжымдарымен кездесті.