Теннис • 23 Ақпан, 2023

Елордада екі ірі турнир өтеді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 ақпан мен 12 наурыз ара­лығында Астанадағы Ұлт­тық теннис орталығында «ITF World Tennis Tour» сериясы аясында әйелдер ара­сындағы «BeeTV 40 Women’s» және «BeeTV 60 Women’s» жарыстарының жа­лауы желбірейді. Екі тур­нир­дің жалпы жүлде қоры –100 мың АҚШ долларын құрайды.

Елордада екі ірі турнир өтеді

Елордадағы байрақты додаға әлемдік рейтингте ТОП-300 тен­нисшінің қатарына енетін спортшылар қатысады деп жос­парланған. Олардың арасында 1ITF Circuit1 санатындағы жеті жарыстың жеңімпазы жапониялық Моюка Учижима (120 WTA), жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің тоғыз дүр­кін жеңімпазы фран­ция­лық Крис­тина Младенович (150 WTA), ре­сейлік жас теннисші Анастасия Захарова (166 WTA), румыниялық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербиялық Наталья Стефанович (221 WTA) және тағы басқа тен­нис­шілер бар.

Ал өз жерімізде өтетін аталған жа­рыста ел намысын жұптық сын­дағы Қазақстанның бірінші ра­кеткасы Анна Данилина, әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева, бірнеше турнирдің жеңімпазы Гөзал Айнитдинова (509) мен Аружан Сағындықова (1182), Дана Байдәулет пен Жанель Рүстемова қорғайды.

Айта кетейік, әйелдер ара­сындағы «ITF World Tennis Tour» аясына алты санаттағы жүлде қоры – 15 000, 25 000, 40 000,

60 000, 80 000 және 100 000 АҚШ дол­ларына тең жарыстар кіреді. Елордадағы додалар «ITF World Tennis Tour» турнирлерінің үшінші және төртінші санатына жатады.

Қазақстанның теннис жан- к­үйер­лері аталған турнирді «Qaz­sport» және «Insport-тың» «Bee TV» спорт­тық бөлімінен тіке­лей эфирде тамашалай алады.