Экология • 24 Ақпан, 2026
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 24 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Ақпан, 2026
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс дегеніміз – қарқынды дамыған экономиканың бір саласы ғана емес, созылмалы «ауруларын» сары майдай сақтап қалған ескі бір алаң іспеттес. Дәрменсіз қоғамға дендеп енген жемқорлық дерті бұл саланы да айналып өте алмаса керек. Қыбын тауып қаражат жымқырып қалу, себепсіз қымбаттатылған сметалар, тиімсіз игерілген теңгелер, тағысын тағылар дәл осы саланың адымын аштырмай келгені анық. Ендеше, цифрландыру ісін екінші планға ысырып, «келешектің шаруасы» деп кешеуілдете беру енді жараса қоймас.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2026
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Еліміздің ырысына айналып отырған тіршілік көзінің басым көпшілігі – трансшекаралық өзендер. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан АЛДАМЖАРОВПЕН сұхбатымыз су дипломатиясы төңірегінде өрбіді. Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мен стратегиялық маңызы бар саланы қорғауда көрші елдермен ынтымақтастық жайын қаузадық.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Төрт күн түтін басқан Өскеменнің өкпесі енді ашылғанымен, тұрғындардың тамағы қырып, әлі күрк-күрк жөтеліп жүр. Дегенмен дәрігерлер түтіннен тамақ күйген тұрғындар қабылдауға келмегенін айтады. Тіпті тамақ күю деген диагноздың қойылуы да сирек көрінеді. Күндердің күні экономика деп жүріп, экологиямызды құртып алмаймыз ба?