Қазақстан • 17 Ақпан, 2018
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 17 ақпан күні Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік-шығыс бөлігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Президент • 16 Ақпан, 2018
Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді
Қытайдың CCTV арнасына сұxбат берген Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу - бір жол» бастамасының пайдасын, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын аталған бастамамен үндестірудің нәтижесі жайында айтып берді.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2018
Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті
Қазақстан халқының саны 2018 жылғы 1 қаңтарда бір жыл бұрынғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 231,2 мың адамға немесе 1,3%-ке артып, 18 млн 157,1 мың адамға жетті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2018
Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды
Назарбаев орталығында 2018 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйақысының Лауреаттарын жыл сайынғы салтанатты құрметтеу рәсімі өтті.
Парламент • 16 Ақпан, 2018
Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті
Соңғы кездерде елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың кесірінен адам өлімі болғаны туралы деректер жиілеп кетті. Ақтөбеде өртеніп кеткен автобуста 52 адамның қаза болуы, мас жүргізушілердің кінәсінен болған жол апаттары, эпилепсиямен ауыратын адамның автокөлiкті жүргізуі себептерінен болған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер үлкен қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.