Аймақтар • 16 Ақпан, 2018
Оралдың іргесінен 50 мың адамдық жаңа қалашық салынады
Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов есеп берді. Жиынға ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары Есет Байкен, Серік Ғиззатұлы арнайы қатысты.
Үкімет • 16 Ақпан, 2018
«Алатау» ИТП Алматы әкімдігіне беріледі — Т. Тоқтабаев
Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев Мемлекет басшысы Жолдауының «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атты бірінші бағыты аясында қазақстандық кәсіпорындардың жаңа технологиялық қалпы туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2018
Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр
Қуаты 52 мегават болатын жел электр стансасы Исатай ауданында орналасады. Оны іске қосу 2020 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2018
Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25-жылдығы атап өтілді
Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимыл - тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Алматыда өткен «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі жиналыс барысында сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы кеңсесінің ашылуына 25 жыл толуына арналды.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2018
Павлодар облысында 2018 жыл "Экология жылы" деп жарияланды
Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов әкімдердің жыл сайынғы тұрғындармен есебі кезінде мәлім етті.