Руханият • 25 Ақпан, 2020
Семейлік жастар өлкетанушы Клим Төлемісұлымен кездесті
Семей Жобалық Кеңсесінде өлкетанушы, шежіреші Клим Төлемісұлымен «Өнегелі тұлға» тақырыбында кездесу өтті. М.Қозыбаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен мазмұнды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
«Bek Air» ұшағының 13 жолаушысы мен қайтыс болғандардың туыстарына сақтандыру төлемдері төленді
«Аманат» сақтандыру компаниясы 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының 13 жолаушысына өтемақы төледі. Төлемдерді ұшақ апатынан қаза болған екі адамның туыстары да алды.
Әлем • 25 Ақпан, 2020
Кувейтте коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті
Кеше Кувейт елде коронавирус жұқтырған адамдардың анықталғанын мәлімдесе, бүгін індетке шалдыққандар саны 8-ге жеткенін хабарлады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Шымкентте көлік жүргізушісіне 5 әкімшілік хаттама толтырылды
9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні Шымкент қалалық патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына жол ережесін өрескелі бұзған «LADA 21703» маркалы көлік жүргізушісі ілікті.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Семейде су басуды алдын алу шаралары басталды
Семейде «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуы басталды.Семей ақпараттық орталығы мәліметінше, шара аясында «Спартак» стадионында су басу қаупіне қажетті техникалардың байқауы өтті. 40 техникалық бірлік пен жүздеген жеке құрамның мүшелері сап түзеді. Жаттығуға тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығының техникалары, көлік қызметі, ұлттық ұланның, жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдайлар басқармасының, жедел жәрдем қызметінің, ВКРК және «Қазтелеком» бригадалары, тұрғындарды ыстық тамақ және қонақ үйлерге орналастыруды ұйымдастыратын ветеринарлық және кәсіпкерлік бөлімдері қатысты. Қазірдің өзінде «Турист», «Семей» қонақ үйлерімен және «Қарағайлы» сауықтыру кешенімен меморандум жасалды. Сонымен бірге «Водный» кенті аумағында арнайы оқу- жаттығу өткізді.