Әлем • 25 Ақпан, 2020

Кувейтте коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Кувейт елде коронавирус жұқтырған адамдардың анықталғанын мәлімдесе, бүгін індетке шалдыққандар саны 8-ге жеткенін хабарлады.

Кувейтте коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті

Суретті түсірген: AP

Осы себепті ел тұрғындарына 25 ақпан – Куветтің ұлттық мерекесін тойлаудан бас тартуға тура келді. Елде жоспарланған ірі шаралар мен спорттық жиындар болмайтын болды. 

Денсаулық сақтау министрі бүгін жаңа үш жағдай тіркелгенін айтты. 3 Кувейт азаматы да жақында Ираннан келген.

Кеше елдің Азаматтық авиация басқармасы Оңтүстік Корея, Таиланд және Италияда індет белгілерінің өршуіне байланысты осы елдерге ұшуды тоқтатқанын мәлімдеген.

Кувейттің Ақпарат және жастар ісі жөніндегі министрі елдегі спорт федерацияларына алдағы жарыстар мен шараларды екі аптаға кейін шегеруге кеңес берді.