Қоғам • 25 Ақпан, 2020

«Bek Air» ұшағының 13 жолаушысы мен қайтыс болғандардың туыстарына сақтандыру төлемдері төленді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Аманат» сақтандыру компаниясы 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының 13 жолаушысына өтемақы төледі. Төлемдерді ұшақ апатынан қаза болған екі адамның туыстары да алды.

«Bek Air» ұшағының 13 жолаушысы мен қайтыс болғандардың  туыстарына сақтандыру төлемдері төленді

«Қазіргі уақытта «Аманат» 15 жолаушыға 29,5 миллионнан астам теңге төледі. Зардап шеккендердің кейбірі емделіп жатыр, кейінірек компанияға хабарласады, ал кейбіреулері құжаттар жинап жатыр. Зардап шеккендер бізге кез келген ыңғайлы уақытта өтемақы алу үшін хабарласа алады. Емдеу мерзіміне ешқандай шектеулер жоқ. Негізгі осылайша заңмен талап етілетін растайтын құжаттар болуы керек», деді сақтандыру компаниясы.

Зардап шеккендер денсаулығын түзеуге жұмсаған шығынның орнын толтыратын өтемақы алуға құқы бар.

«Біз бұл шығындарды заңда белгіленген 200 АЕК шегінде жабамыз. Жәбірленуші «Аманатқа» медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді сатып алғаннан кейін немесе барлық қажетті процедураларды алғаннан кейін бір рет жүгінуі мүмкін» деп толықтырды компания.

Заң бойынша сақтандыру құжаттарды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде төленеді, бірақ «Аманат» бұл мерзімнен ертерек ақша аударуға тырысып жатқандықтарын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар