Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Жетісулық тұрғын 30 мыңдай голланд қызғалдағын өсірді
Жетісулық тұрғын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық голланд қызғалдағын баптап өсірді. Өнеркәсіп альпинизмі мамандығына машықтанған Сарқан ауданының тұрғыны Бауыржан Бөлегенов негізгі жұмысынан бос уақытын қызғалдақ өсіруге арнап, оған 6 миллион теңгеге жуық жеке қаражатын жұмсаған. Осы күні оның өз қолымен салған жылыжайында қызғалдақтың сан алуан түрі көз қуанта өсіп жатыр, жазады Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың 20%-ында проблемалық несие бар
Еңбекке қабілетті жастағы Қазақстан азаматтарының 20%-дан астамы несие төлеу мерзімін 90 күннен астам уақыт кешіктіріп отыр. Бұл «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы аясында жүргізілген зерттеуде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 22 Ақпан, 2024
Биыл қанша мектеп салынатыны айтылды
Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Ертең Алматыда дабыл белгісі қосылады
Алматы тұрғындарына 23 ақпан күні дабыл белгісінің қосылатыны туралы ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Бұдан бұлай блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі
Осы жылдың 2 наурызынан бастап инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.