Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

Ертең Алматыда дабыл белгісі қосылады

1246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындарына 23 ақпан күні дабыл белгісінің қосылатыны туралы ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертең Алматыда дабыл белгісі қосылады

Фото: ult.kz

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қалада 23 ақпанда сейсмикалық дайындық жүргізілетінін айтты. Оның аясында сағат 10:00-де сиреналар қосылады. Тұрғындар көшеге жылы киініп шығуы керек, өйткені бұл күні ауа температурасы нөлден төмен болады.

«Басты мақсат – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру. Олар алдын ала эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді анықтап, апаттық сөмкелерді дайындайды. Қауіпсіз орындар - бұл электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер. Барлық тұрғындарды белсенді қатысуын сұраймыз», деді Атығаев РСК-да өткен брифингте алматылықтарға.

Ол қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, байқалмайтын дүмпулердің болатынын еске салды.

«Бірақ сейсмологтардың айтуынша, қалада магнитудасы жеті және одан да жоғары жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан дайындықтың жер сілкінісін күтуге еш қатысы жоқ», деді ол.