Қоғам • 25 Ақпан, 2020
«Байқоңыр» ауданында су тасқынын алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды
Қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданында су астында қалуы мүмкін 12 учаскеде 453 тұрғын үй бар. Төтенше жағдай туындаса, тамақтандыру және уақытша орналастыру пункттері дайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Әлем • 25 Ақпан, 2020
Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға іс-сапармен барды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Әзербайжанға барды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Парламент • 25 Ақпан, 2020
Сенаторлар Өзбекстанмен заңсыз көші-қон келісімнің ратификациясын қарады
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Жиын комитет басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Қызылордада «Масленица» мерекесіне арналған фольклорлық шара өтті
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Масленица» мерекесіне арналған «Ескі ғасыр дәстүрлері» атты фольклорлық шара өтті.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Бірде-бір ломбард Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тіркелмеген
Бүгін Ұлттық банк ломбардтармен қалай жұмыс істеу туралы қысқаша түсінік берді. Ұққанымыз – ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық ломбардтары микроқаржы ұйымдары мәртебесіне өтті. Алайда, осы уақытқа дейін бірде-бір ломбард Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тіркелмеген. Осыны көпшіліктің қаперіне салған Бас реттеуші қазақстандықтарды тіркелмеген қаржы ұйымдарымен жұмыс істемеуге шақырады. Бұл туралы аталмыш ведомстваның баспасөз қызметінен хабарлады.