Қоғам • 25 Ақпан, 2020

Бірде-бір ломбард Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тіркелмеген

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін  Ұлттық банк  ломбардтармен қалай жұмыс істеу туралы қысқаша түсінік берді. Ұққанымыз – ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық ломбардтары микроқаржы ұйымдары мәртебесіне өтті.  Алайда, осы уақытқа дейін бірде-бір ломбард Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тіркелмеген. Осыны көпшіліктің қаперіне салған Бас реттеуші   қазақстандықтарды тіркелмеген қаржы ұйымдарымен жұмыс істемеуге шақырады.  Бұл туралы   аталмыш ведомстваның баспасөз қызметінен хабарлады.  

Бірде-бір ломбард Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тіркелмеген

«Қазақстан Республикасының «Микроқаржы қызметі туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес, ломбардтардың жеке тұлғаларға микрокредиттер беру жөніндегі қызметі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржы қызметі ретінде жіктеледі. Сонымен бірге өз қызметін жүзеге асыру үшін ломбардтар 2020 жылдың 1 шілдесінен кейін тіркелуі керек, содан кейін Агенттік осы ұйымдарды реттейді. Бүгінгі таңда ломбардтардың бірде-біреуі Агенттікке тіркеуге жүгінген жоқ және сәйкесінше микроқаржы ұйымдарының тізілімінде жоқ» делінген хабарламада.

Тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізімін Агенттіктің www.finreg.kz ресми сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» - «Рұқсаттар» - «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» бөлімінен таба аласыз.

«Біз келісімшартқа отырған кезде барлық ықтимал тәуекелдерді өз бетінше бағалап, жауапкершілік жүгін көтеруге дайын екеніңізге назар аударуларыңызды сұраймыз» деп толықтырды Ұлттық банк.