Әлем • 25 Ақпан, 2020

Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға іс-сапармен барды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Әзербайжанға барды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға іс-сапармен барды

Түркия президентін Әзербайжан вице-премьері Ягуб Эюбов, Әзірбайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов, Әзербайжанның Анкарадағы елшісі Хазар Ибрагим, Түркияның Бакудегі елшісі Эркан Озорал, Түрік Республикасының Бакудегі Солтүстік Кипр өкілі Уфук Турғанер қарсы алды.

Түркия делегациясының құрамында СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу, Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мурат Курым, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез, Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррам Касапоглу, Қазынашылық және қаржы министрі Берат Албайрақ, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Президент Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун, Президенттің баспасөз хатшысы Ибрагим қалын және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан бар.

Эрдоған Әзербайжан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 8-ші отырысына қатысады.

Көшбасшылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.